Саясат

Президент тапсырмаларын орындау: Вице-премьер Ермек Көшербаев Алакөл көлі жағалауының жер пайдалану картасымен танысты

Президент тапсырмаларын орындау: Вице-премьер Ермек Көшербаев Алакөл көлі жағалауының жер пайдалану картасымен танысты

Мемлекет басшысының ішкі туризмнің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев елдің негізгі туристік бағыттарын қамтитын өңірлерде жұмыс сапарын жалғастыруда.

Абай облысына жасаған жұмыс сапары барысында Ермек Көшербаев Алакөл көлінің жағалауындағы туристік инфрақұрылымның жай-күйімен танысты

Абай облысындағы көл жағалауында Премьер-министрдің орынбасары демалушылармен, кәсіпкерлермен және медицина қызметкерлерімен кездесіп, абаттандыру нысандары мен медициналық пунктті қарап шықты.

Абаттандыру және инфрақұрылымды жаңғырту

Биыл Алакөл көлінің жағалауында ауқымды реконструкциялау және абаттандыру жұмыстары басталды

. Облыстық бюджеттен 658 млн теңге бөлінді, оның ішінде:

108,9 млн теңге — Арбат алаңын жөндеуге,

​ 171,6 млн теңге жаңа қоғамдық кеңістік құруға 107,5 млн теңге жағалауды абаттандыруға.

Жағажайда 25 киім ауыстыру кабинасы, 50 қоқыс контейнері, 2 биодәретхана, 10 санитарлық торап (маусым соңына дейін 18-ге дейін жеткізіледі) орнатылды. 7 пирстің 3-еуі салынды, жарықтандыру жүргізіліп, құтқару мұнаралары орналастырылды. Қосымша 300 млн теңге бөлінді:

​•​ 141,6 млн теңге – Кабанбай ауылында өрт сөндіру депосының құрылысына;

​•​ 57,7 млн теңге – көл жағалауында құтқару станциясы құрылысына;

​•​ 100 млн теңге – туристік аумақты дамытудың бас жоспарын әзірлеуге.

Ел бойынша жүйелі тәсіл

Ермек Көшербаев туристік аймақтарды жақсарту жұмысы елдің барлық өңірлерін қамтитын мемлекеттік стратегия аясында жүзеге асырылуы қажеттігін атап өтті:

«Басты міндет — уақытша шешімдер қабылдамай, таза жағажайлар, қауіпсіз демалыс, тұрақты байланыс және ойластырылған инфрақұрылымды қамтитын орнықты жүйе қалыптастыру. Туризм — азаматтар үшін жайлы, ал өңірлер үшін өркениетті экономикалық әсер әкелуі тиіс», — деді ол.

Барлық өңірлерде анықталған мәселе ортақ: қоқыс жәшіктерінің жетіспеуі, бейберекет сауда, байланыстың нашарлығы, заңсыз құрылыстар. Осыған байланысты өңірлерге жасаған сапар қорытындысы бойынша туристік аймақтарды жоспарлаудың стандарттарын өзгерту және әкімдіктер мен қадағалау органдарымен өзара іс-қимылды күшейту сынды жүйелі шаралар қабылданады. Бақылау Үкімет деңгейінде жүзеге асырылады.