Экономика

Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

10 шілдедегі доллар бағамы белгілі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

KASE – Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 518,34 теңге болды. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 0,56 теңгеге төмен. Ұлттық банктің 10 шілдеге белгілеген ресми бағамы – 518,97 теңге.

Kurs.kz дерегінше, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағасы орта есеппен 519,17 теңге, сату 520,92 теңге. Астанада доллар орташа есеппен 516,51 теңгеге сатып алынып, 522,54 теңгеге сатылып жатыр.