финансы

Қазақстанда доллар бағамы тағы төмендеді

2 шілдедегі доллар бағамы белгілі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

KASE – Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 518,37 теңге болды, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 0,84 теңгеге төмен. Ұлттық банктің 2 шілдеге белгілеген ресми бағамы – 519,29 теңге.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу орта есеппен 518,91 теңге, сату – 520,64 теңге. Астанада долларды орташа есеппен 516,65 теңгеден сатып алып, 522,66 теңгеден сатып жатыр.