Доллардың ресми бағамы белгілі болды

Қазақстандағы доллар бағамы белгілі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 519,29 теңге болып, 0,44 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, Ұлттық банктің 1 шілдеге белгілеген ресми бағамы – 519,64 теңге.
Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен – 519,22 теңге, сату бағамы – 520,96 теңге. Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 516,71 теңгеге сатып алып, 522,69 теңгеге сатып жатыр.