Зейнетақыны мерзімінен бұрын алу: Қазақстанда шекті мәндер төмендей ме?

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану үшін жеткілікті шекті төмендету туралы сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
“Бүгінде зейнетақы жинақтарының қартаю кезеңінде өмірді жеткілікті қамтамасыз етуге бағытталғанын жақсы түсінеміз. Жинақтарды ерте жаста алу болашақта, кәрілік кезінде, осы төлемдердің нақты құнының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан бүгінде бұл қадамға бармаған дұрыс деп ойлаймын”, – деді Светлана Жақыпова.
Қазақстанда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа жеткілікті шек қолданылады. Айта кетейік, 2025 жылға арналған шек өзгеріссіз қалған – олар 2023 және 2024 жылдардағы деңгейде сақталған. Бұл шектер жасқа байланысты 3 миллионнан шамамен 10 миллион теңгеге дейінгі сома болады. Мәселен, 20 жастағы қазақстандықтар үшін бұл көрсеткіш – 3 миллион 260 мың теңге, 30 жастағылар үшін – 4 миллион 580 мың теңге, ал 40 жастағылар үшін – 6 миллион 100 мың теңге.