Доллар 4 теңгеге арзандады

Қазақстанда теңгенің долларға қатысты бағамы нығайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осылайша, Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша, америкалық валютаның бағамы 0,73 пайызға төмендеп, бір доллар 519,26 теңге болды.
Ұлттық банктің мәліметінше, 24 маусымға арналған ресми курс — бір долларға 523,46 теңге.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу орташа есеппен 518,72 теңге, сату — 520,80 теңге. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валютаны орта есеппен 517,45 теңгеден сатып алып, 523,45 теңгеден сатып жатыр.