Қазақстанда енді екі номиналдағы монеталар шығарылмайды

Қазақстанда 1 және 2 теңгелік монеталар енді шығарылмайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
“Біз оны (1 теңгені – еск.) басып шығарудың орынсыз екеніне келісеміз, сондықтан базалық жоспарымыз мынадай: айналымда бар монета айналымда қала береді, бірақ жаңасын шығару жоспарда жоқ. 2 теңгелікке де қатысты осылай”, – деді Сүлейменов Сенат кулуарында.
Ол айналымда жүрген монеталардың айналымнан алынбайтынын, бірақ жаңаларын шығаруға қаражат бөлінбейтінін атап өтті.
“Айналымда жүрген – қалтада, басқа жерде жүрген монеталар – түсінікті, оларды айналымнан алмаймыз. Бірақ жаңасын жасауға ақша жұмсамаймыз”, – деп қорытындылады Ұлттық банк басшысы.