Қазақстан жаңалықтары

«ЕРКІН СӨЗ»-2024 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

«ЕРКІН СӨЗ»-2024 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ және “Халық банкі” Акционерлік қоғамының серіктестігімен, қазақстандық БАҚ өкілдері арасында қаржы және қаржылық сауаттылықты арттыру тақырыбына өтетін “Еркін сөз”-2024 шығармашылық байқауының ережесі.

«ЕРКІН СӨЗ»-2024 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

  1. Жалпы ережелер
  2. «Еркін сөз» журналистер арасында өтетін байқауы (бұдан әрі – Байқау) журналистердің шығармашылық қарымын күшейту және журналистерді ынталандыру мақсатында өтеді.

Байқаудың міндеттері:

Қазақ журналистерінің кәсіби біліктілігін көтеру;

Журналистерді ынталандыру;

  1. Сыйлықтарды тағайындау және дипломдар мен сыйлықтарды тапсыру 2024 жылдың 1 қарашасында өтеді.
  2. Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.
  3. Байқау комиссиясының құрамына белгілі журналистер, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіре алады.
  4. Байқау комиссиясы жеңіске талпынған БАҚ өкілдерін іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады:

материалдардың объективтілігі;

кәсіби шеберлігі;

мәселенің көтерілуі және оны жан-жақты ашып көрсету;

материалдар туғызған қоғамдық резонанс пен түйткілдерді шешу жолдары;

жұмыстардың шығармашылық толымдығы;

  1. Байқауды өткізуді үйлестіру.

Байқауды өткізу жұмысын үйлестіру  “Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті  бекітетін Байқаудың ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі.

  1. Ашықтық.

Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер, қызығушылық танытушы тұлғалардың барлығына танысу үшін ұсынылады. Ереже БАҚ-та жарияланады.

  1. Жеңімпаздар келесі байқауға 2 жылдан кейін ғана қатысуға құқылы.
  2. Байқауға қатысу шарттары
  3. Байқауға қатысушылар.

Байқауға қатысуға Қазақстанда қазақ тілінде жазатын және хабар тарататын барлық республикалық, халықаралық және аймақтық БАҚ журналистері шақырылады.

  1. Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы.

Байқауға қатысуға қаржы және қаржылық сауатты арттыру тақырыбындағы материалдар қабылданады. Қатысушыларға қойылатын талап: көтерілген тақырып халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру тұрғысынан пайдалы болуы шарт.

2023 жылдың 01 қаңтарынан 2024 жылдың 15 қазанына дейін жарияланған немесе эфирге шыққан МАҚАЛА мен ТЕЛЕСЮЖЕТ қабылданады.

  1. Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар.

Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) және Word нұсқасы ұсынылуы тиіс.

Дыбыстық-визуалды жұмыстар (телевизиялық сюжет) телеарнаның YouTube арнасына жарияланған сілтемесімен ұсынылуы тиіс.

Электрондық БАҚ журналистері (сайт, портал, онлайн газеттер) жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап, cілтеме және Word форматта мәтіні жолдауы қажет.

Материалдар мемлекеттік  тілде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2024 жылдың 15 қазаны, сағат 23:00-ге дейін.

Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, журналистің 3х4 см. мөлшеріндегі фотосуреті мен ұялы телефон нөмірі.

Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны.

Бір журналист ұсынатын материалдардың саны 1-ден аспайды.

  1. Жұмыстар байқаудың Ұйымдастыру комитетіне хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей ұсынылады. Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.
  2. Байқаудың өту кезеңдері
  3. Алғашқы кезең.

Қазақстандағы БАҚ-та Байқауды өткізу туралы ақпарат, қатысу шарттары мен Байқау ережесі туралы хабарландыру жарияланады.

  1. Байқауды өткізудің негізгі кезеңі.

Байқау материалдары байқаудың Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына немесе электронды поштаға 2024 жылдың 15 қазаны, сағат 23.00-ге дейін келіп түседі. Байқауға берілген өтініштерді қараудың регламентін Байқау комиссиясы белгілейді. Байқау комиссиясы өз жұмысының нәтижесі бойынша байқау жеңімпаздарын айқындайды.

  1. Қорытындылау.

 

Жеңімпаздарды жариялау келесі номинациялар бойынша байқауды жалпы қорытындылау шеңберінде іске асырылады:

Үздік видеосюжет (телевидение);

Үздік мақала (газет);

Сайттағы үздік мақала;

Жеңімпаздарды марапаттау.

 

  1. Байқау материалдарын бағалау және іріктеу процедурасы

Байқау материалдарын бағалау барысында келесі шарттар назарға алынады: белгіленген тақырыпқа сәйкестік; жаңашылдық; мәселені талдаудың тереңдігі; нақтылық пен логикалық негізделуі; мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы; авторлық тұжырымдаманың дербестігі; жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы; журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі; сыртқы безендірілуі.

 

  1. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері

Ұйымдастыру комитеті:

Байқау туралы осы ереженің талаптарына сәйкесіздіктерді негізге ала отырып, үміткерді байқауға қабылдамауға;

қандай да бір үміткерге қатысты Байқау комиссиясының мүшесі өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталған кезеңде Байқау қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы.

  1. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:

 

А) Барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;

Ә) Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;

Б) Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.

  1. Байқау комиссиясының құқықтары мен міндеттері

 

Байқау комиссиясы мыналарды іске асыруға құқылы:

Байқауға түскен материалдарға баға беру;

Жеңімпаздарға сыйлықтар тағайындай отырып, байқауды қорытындылау.

  1. Байқау комиссиясының міндеттері:

 

А). Барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;

Ә). Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.

Б). Байқау комиссиясы мүшесінің байқауға қатысуына жол берілмейді.

  1. Қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

Байқауға қатысушылар мыналарды іске асыруға құқылы:

А). Байқаудың өту шарттары мен тәртібі туралы ақпараттар алу;

Ә). Ұйымдастыру комитетінен осы Ереженің тармақтарына түсіндіруді сұрау;

Б). Байқауға қатысу үшін материалдар жолдау.

  1. Байқауға қатысушылардың міндеттері:

 

А). Байқаудың мән-жайымен алдын-ала танысу, Байқауға қатысу үшін қойылатын талаптарды зерттеу;

Ә). Осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген материалдарды уақытылы ұсыну;

Б) Осы Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау.

  1. Байқауға қатысушылар келесілер үшін жауапты:

 

А). Материалдар мен түйіндемеде көрсетілген ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін;

Ә). Осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен процедураларды сақтамағаны үшін.

  1. Медиа ресурстар

Байқауға ақпараттық қолдау жасауды  ақпараттық серіктестіктер қамтамасыз етеді.

  1. Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты

 

Байқаудың ұйымдастыру комитеті: Алматы қаласы, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ, Алматы қаласы, 050008, Жароков көшесі, 39 A.
Call centre: + 7 778 273 7882  (WhatsApp); электронды пошта: erkinsoz2024@gmail.com.