Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the all-in-one-wp-security-and-firewall domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/semeinews.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the cyr2lat domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/semeinews.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
“3000 шақырым жүрдік”. Ақтөбеден Түркияға автоүймен жеткен саяхатшымен сұхбат – Semeinews.kz – главные новости города Семей, Казахстана и мира
Өмір

“3000 шақырым жүрдік”. Ақтөбеден Түркияға автоүймен жеткен саяхатшымен сұхбат

“3000 шақырым жүрдік”. Ақтөбеден Түркияға автоүймен жеткен саяхатшымен сұхбат

Автоүймен жиі саяхаттайтын Дәулет Мурсал Ақтөбеден Түркияға 5 күнде автоүймен жеткен. Әлеуметтік желіде Еrkin qazaq атымен танылған саяхатшымен Massaget.kz тілшісі сұхбаттасты.

Дәулет Мурсал саяхатқа әйелі Карина екеуі бірге шыққан.

“Хромтаудан 11 қарашада шықтық. Түркияның Трабзон қаласына 5 күнде, 15 қараша кешкісін жеттік. Негізі төрт күнде жетуге болушы еді. Бірақ біз Грузияда бір күн дөңгелек ауыстыруға аялдадық. Түркияға жолымыз Хромтаудан Оралға, одан Саратовқа, Саратовтан Волгоград, Калмакия арқылы Владикавказға жеттік. Одан әрі қарай Грузия шекарасына өтіп, Батуми қаласынан Түркияға табан тіредік”, – деді ол.

Олар шамамен күніне 700 км жүріп отырған.

“Осы уақытқа дейін Трабзонға жеткенше 3000 км жол жүріп өттік. Жол бағытын таңдағанда біз Владикавказға дейін қалай жетеміз деп ойладық. Себебі Қазақстаннан бірнеше жол бар екен. Ең танымалы – Атырау Астрахань арқылы жету. Бірақ онда Ганюшкиннің қасындағы жол жөнделіп жатқанын білдік, әрі жолы нашар екенін естідік. Сондықтан біз Оралмен Саратовқа шығып кетуді жөн көрдік”, – деді Дәулет.

“Қазақстанда байланыс нашар болды”

Дәулеттің айтуынша, Қазақстанда байланыс нашар болған.