Материалдарды пайдалану шарттары

Semeinews.kz сайтына кірушілер мен пайдаланушылардың назарына!

Сайтта жарияланатын ақпараттық жаңалықтар, аналитикалық мақалалар, мамандардың пікірлері ретінде мазмұндалған мәтіндер, фотосуреттер, суреттер, бейнесюжеттер, аудиожазбалар мен өзге де материалдар төмендегі мәтінде қолайлы оқылуы үшін “Материалдар” деп аталады.

Осы сайтта жарияланған барлық Материалдардың авторлық құқығы, ерекше аталған жағдайларды қоспағанда, сайт иесіне яғни semeinews.kz (бұдан әрі – Сайт) тиісті.

Сайт әкімшілігі Сайтта Материалдар орналастыру және Сайт қызметінің басқа да түрлері бойынша Сайт иесінің ресми өкілі болып табылады.

Semeinews.kz–те жарияланған барлық Материалдарды, сондай-ақ  фото-, аудио-, бейне материалдарды сайттағы түпнұсқасына міндетті түрде гиперсілтеме жасап, Материалда баяндалған мазмұнын сақтай отырып кез-келген бұқаралық ақпарат құралдарында, Интернет желісі серверлерінде немесе басқа да тарату құралдарында үштен бірінен аспайтын көлемде қайта жариялауға, таратуға және ретрансляциялауға болады. Сайтқа жасалатын гиперсілтеме Материал мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде белсенді түрде көрсетілуі тиіс.

Сайт Әкімшілігі кез-келген уақытта, ескертусіз және себептерін түсіндірмей-ақ Пайдаланушылардың қандайда бір Материалға жазған кез-келген пікірін жоя алады немесе пікір жазуға тыйым сала алады. Сондай-ақ, Сайт Әкімшілігі кез-келген уақытта өз қалауынша Материалдарға жазылған пікірлерді орналастыруды өзгертуге, тоқтатуға, сондай-ақ Сайттың кез-келген Материалына Пайдаланушылардың кіруін уақытша немесе мүлдем тоқтатуға құқылы.

Сайттың Веб-парақтарында басқа да интернет-ресурстарға сілтемелер жасалуы мүмкін. Ондай сілтемелер бойынша ауысуды Пайдаланушы өз қалауымен ерікті түрде шешім қабылдай отырып жүзеге асырады. Пайдаланушы осы ресурстарға кіру мүмкіндігі мен оларда жарияланған контент үшін, сондай-ақ осы ресурстарға ауысудан және оларды пайдаланудан туындайтын кез-келген жағдай үшін Сайт Әкімшілігі жауапты бермейтіндігін білуі тиіс.

Тыйым салынады:

1. Сайтта жарияланған ақпараттарды кез-келген әрекетпен және/немесе автоматтандырылған құралдарды пайданалу арқылы жинауға;

2. нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк, дiни өшпенділік пен араздық тұғызуға бағытталған насихаттар мен үгiттеулерге, қандай да болсын ұлттық, әлеуметтiк, дiни немесе тіл басымдықтарының белгілері бойынша соғыс пен зорлық-зомбылықты насихаттауға;

3. Сайт жұмысын тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттерді жасауға, Сайтты басқару үшін немесе оның жабық тарауларына (тек Сайт Әкімшілігі ғана кіруге рұқсат етілген тарауларға) рұқсатсыз кіруге әрекеттенуге, сондай-ақ желіге шабуыл жасау деп бағаланатын қандай да бір әрекеттер жасауға;

4. қасақана не болмаса абайсызда жергілікті қолданыстағы, мемлекеттік немесе халықаралық болып саналатын кез-келген заңды бұзуға.

Заңды жауапкершілікке тартылатын жағдайлар туралы ескертулер

Сайт Әкімшілігі Пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен төмендегідей әрекеттер үшін азаматтық-құқықтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы арнайы ескертеді:

– заңға сәйкес құпия болып саналатын, яғни білуге шектеу қойылған ақпаратты (мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық, кәсіптік т.с.с. құпия болып саналатын ақпаратты) жария етіп, оның иесінің келісімінсіз бөтендерге мәлімдесе;

– зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдаланса (ғылым, әдебиет, өнер шығармаларын, ЭЕМ арналған бағдарламалар мен дерекқорларды, фонограммаларды және т.с.с.), оның ішінде олардың көшірмелері мен бөлшектерін Интернет желісінде таратса;

– өшпенділік пен дұшпандық туғызса, адамдар мен тұлғалардың, топтардың ар-намыстарын қандайда бір белгілер бойынша кемсітсе, қорласа, азаматтарға қарсы зорлық-зомбылық жасаса, азаматтық міндеттерді орындаудан бас тартса, құқыққа қарсы әрекеттер жасауды насихаттаса, компьютерлік ақпаратқа заңсыз қол жеткізсе, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған басқа да әрекеттер жасаса.

Материалды көшіріп басқанда Semeinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.